Қазақстандық салық төлеушілердің қаражаты 2024 жылы қайда жұмсалды

16:46, 17 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігі бюджеттің жүз пайыз орындалуы туралы есеп берді, оның басым бөлігі кәсіпкерлікті қолдауға және инфрақұрылымды дамытуға жұмсалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы жұмсалған шығындар (481,5 млрд теңге) 2023 жылы жұмсалған шығындардан (756 494 млрд теңге) 36%-ға аз екені атап өтілді.

Бұл ретте ҚР ҰЭМ ел дамуының төрт негізгі басымдығын және бұдан бөлек тағы 22 бағытты бөліп көрсетті. "2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуы" құжатына сәйкес салық төлеушілердің қаражаты жұмсалған негізгі басымдықтар:

Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру. 249,1 млрд теңге бөлініп, жүз пайыз орындалған.

Облыс орталықтарында, моно-, шағын қалалар мен ауылдық аумақтарда инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру. 137,1 млрд теңге бөлінді. Жоспар орындалды.

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер. 30 млрд теңге бағытталған, барлығы игерілді.

Ақмола облысының бюджетіне, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне қалалардың шеткі аумақтарындағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері. Шығындар — 23,9 млрд теңге, жүз пайыз орындалды.

Келесі бағыттарға назар аударсақ:

  • "Кәсіпкерлік саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау" – 27,8 млрд теңге.
  • "Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету" — 20,7 млрд теңге.
  • "Инвестиция тарту бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру" — 11,3 млрд теңге.

Бұл ретте, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қызметіне байланысты екі бапқа 2024 жылы 0 теңге 00 тиын жұмсалды.

2023 жылы осы мақсаттарға ("ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту" және "ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ кредит беру") тиісінше 49 477 млрд және 162 600 млрд теңге бөлінген болатын.

Бұған дейін Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша шешімі қабылдағаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!