Қазақстандық рейтингтік агенттіктің капиталына қойылатын ең төменгі талаптар бекітілді

09:28, 11 қараша 2026
MKZ: 1577095

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы 2026 жылғы 30 қазандағы қаулысымен қазақстандық және шетелдік рейтингтік агенттіктердің капиталына қойылатын ең төменгі талаптарды бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, қазақстандық рейтингтік агенттіктің жарғылық капиталы да, меншікті капиталы да кемінде үш миллиард теңге болуы керек.

Ал шетелдік рейтингтік агенттікті Қазақстанда тану үшін оның меншікті капиталы кемінде бес миллиард теңгеге баламалы соманы құрауға тиіс.

Қаулы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Қазақстанда кредиттік рейтингтік қызмет қағидалары қабылданғанын хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!