Қазақстандық полицейлер Barbie Girl хитін «жаңаша» орындап, желіні шулатты
© Сурет: Instagram/wejiton и zhitiqara_polisia_bolimi, polisia_kostanay
Қостанай облысы полиция департаментінің (ПД) қызметкерлері Aqua тобының 1990-шы жылдардың аяғындағы танымал әуені - "Barbie Girl" -ді жаңаша орындап, азаматтарға креативті үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Есірткі жасырып кетушілерге арналған видеоролик 2026 жылғы 12 мамырда Қостанай полициясының Instagram парақшасында жарияланды.
"Есірткі заттарының заңсыз айналымы қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Егер сіз осы жолды таңдасаңыз, бұл ән сізге арналған", – деді полиция қызметкері.
Бейнеде тәртіп сақшылары есірткі жасырушыларды не күтіп тұрғанын әуен арқылы жеткізіп, оны АЖӘО қызметкерлерімен (арнайы жедел әрекет ету отряды) қызықты етіп көрсете білді.
Видео желі қолданушыларының көңілінен шығып, түрлі пікір жинады:
- Жарайсың жігіттер, жастардың тілін таптыңдар!
- Креативті, осындай жұмыстар шынымен пайдалы!
- Жақсы видео, жасына да кәрісіне де түсінікті!
- Осыдан кейін есірткі жасыратындар болса, білмейміін)
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі (ІІМ) мектеп оқушылары мен студенттерге арнап үндеу жасағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:24, 5 маусым 2026
Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті
-
22:06, 5 маусым 2026
Қарин: Конституциялық реформаның үшінші кезеңі мемлекеттік-саяси моделді жаңғыртуға бағытталған
-
21:39, 5 маусым 2026
Бір сотталғанға арналған 15 телефон: ШҚО-да түнгі заңсыз әрекеттің жолы кесілді
-
21:28, 5 маусым 2026
«Аптап ыстық, қатты жел, нөсер жаңбыр». Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:59, 5 маусым 2026
Анна Данилина өз мансабында екінші мәрте «Ролан Гарростың» финалына шықты





