Қазақстандық оқушы әлемдегі беделді университеттердің біріне оқуға қабылданды

18:11, 27 наурыз 2026

© Сурет: gov.kz

Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University университетіне оқуға қабылданды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланғанын атап өтті.

Оқу барысында табандылық пен еңбекқорлық танытқан оқушы 10-сыныптан кейін түрлі пәндер бойынша 7 емтихан тапсырып, AP International Diploma иегері атанды.

Белгілі болғандай, Бөрте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Сонымен қатар қытай тілін оқып, Advanced Placement бағдарламасы аясында қытай тілінен де емтихан тапсырды. SAT, IELTS, CAE және HSK халықаралық емтихандарында жоғары нәтижелер көрсетті.

"Мектеп бағдарламасы аясында ғылыми жобалармен айналысты. Мектептің қолдауымен халықаралық ғылыми бағдарламаға іріктеуден өтіп, АҚШ университеті профессорының жетекшілігімен білім алып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оқу барысында Бөрте академиялық жүктемені әлеуметтік және шығармашылық бастамалармен ұштастыра білді",- делінген ақпаратта.

Үздік шәкірттің айтуынша, Harvard University-ге түсу жүйелі дайындықтың, тұрақты мотивацияның және тиімді білім беру ортасының нәтижесі болды.

Бұған дейін Zakon.kz журналисі Оксана Даирова жоғары мемлекеттік наградамен марапатталғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!