Қазақстанда 10 сәуірде қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын КАЗТЕСТ өтеді
© Фото: pixabay
2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстанда КАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын сертификаттау тестілеуі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметі бойынша, электрондық форматтағы емтихан келесі қалаларда өткізіледі: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз, Талдықорған, Түркістан.
Өтініштер 27 наурыздан 8 сәуірге дейін қабылданады.
Өтініш беру үшін:
- Сайтқа тіркелу;
- "Өтініш беру" батырмасын басу;
- "Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – КАЗТЕСТ" опциясын таңдау;
- "КАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттау тестілеуі" батырмасын басу.
Тестілеу 4 блоктан тұрады:
- Тыңдау (Аудирование) – 20 тапсырма, 20 минут;
- Оқу (Чтение) – 40 тапсырма, 50 минут;
- Жазу (Письмо) – 2 тапсырма, 50 минут;
- Сөйлеу (Говорение) – 2 тапсырма, 7 минут.
- Сертификат алу үшін әр блок бойынша қажетті шекті балл жинау қажет.
""Жазу" және "Сөйлеу" бөліктері бойынша нәтижелер тестіленушінің жеке кабинетінде тестілеу аяқталғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде жарияланады", – деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.
Тестілеуге қатысу құны – 7121 теңге.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы ЕНТ нәтижелерін жаппай жою туралы ақпарат жарияланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:27, 27 наурыз 2026
Шавкат Рахмоновтың әйеліне сот үкімі шықты
-
13:11, 27 наурыз 2026
Қазақстанда төрт адам ірі көлемдегі есірткі сату және заңсыз кәсіпкерлік үшін 16–18 жылға сотталды
-
12:53, 27 наурыз 2026
Жылдамдық пен хайп: Павлодарда полицейлер жол жүру ережелерін бұзғандарды жіті бақылауда
-
12:35, 27 наурыз 2026
Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды
-
12:20, 27 наурыз 2026
27 наурыз: Қазақстан қалаларындағы доллар, еуро және рубль бағамдары





