Ота үстінде жасөспірімнің қайтыс болуы: Астанада анестезиолог кінәлі деп танылып, рақымшылық бойынша босатылды
© Фото: Zakon.kz
Астанада жоспарлы ота кезінде жасөспірімнің қайтыс болуына себепкер болған анестезиологқа үкім шығарылды. Дегенмен, дәрігер нақты жазаны өтеуден рақымшылық бойынша босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы бойынша айыпталған анестезиологқа қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 317-бабының 3-бөлігі).
Қайғылы оқиға 2024 жылғы 25 шілдеде орын алған. Кәмелетке толмаған "созылмалы полипозды полисинусит" диагнозымен жоспарлы түрде аурухананың оториноларингология бөліміне жатқызылған. Жүргізілген тексеруден кейін оған жоспарлы операция тағайындалған. Эндотрахеалдық интубациялық түтіктің герметикалығының бұзылуы салдарынан қан тыныс алу жолдарына түсіп, аспирацияға, асқынулардың дамуына және пациенттің қайтыс болуына әкеп соққан.
Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен, тексеру актісінің нәтижелерімен, комиссиялық сот-медициналық сараптама қорытындысымен және іс материалдарымен дәлелденді.
Прокурор сотталушыға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, сондай-ақ медициналық ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айыруды тағайындауды сұрап, амнистияны қолдана отырып негізгі жазадан босатуды сұрады. Дегенмен, сотталушы кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Зардап шеккен тарап керісінше қатаң жазаны сұрады.
Сот үкімімен анестезиолог кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және 3 жыл мерзімге медициналық көмек көрсетуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Дегенмен, оның жасаған қылмысы абайсызда жасалған, онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады. "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы" Заңның 2-бабы 1-тармағына сәйкес мұндай қылмыс жасаған адамдар негізгі жазадан босатылады.
Нәтижесінде, дәрігер негізгі жазаны өтеуден босатылды, бірақ қосымша жазасы – кәсіби қызметке тыйым – күшінде қалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:57, 26 наурыз 2026
Қазақстанда ұзақ ғұмыр кешкен адамдарға зейнетақы қалай қамтамасыз етілетіні айтылды
-
21:43, 26 наурыз 2026
Абай облысындағы түзету мекемесіндегі қастандық: сот үкім шығарды
-
21:18, 26 наурыз 2026
Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде
-
20:59, 26 наурыз 2026
Еңбек министрлігі Қазақстандағы жалақыға қатысты жақсы жаңалықпен бөлісті
-
20:45, 26 наурыз 2026
Бірқатар полиция басшылары қызметтен босатылды: ІІМ басшысы Алматыдағы жол апатына қатысты пікір білдірді





