«Ақтөбе – Алматы» жолаушылар пойызындағы қанды қылмыс: істің мән-жайы жарияланды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбе облысында "Ақтөбе – Алматы" жолаушылар пойызында болған кісі өлтіру дерегі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы бүгін, 27 наурызда Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 2025 жылдың қазан айында қызметтік іссапар кезінде болған. Мейрамхана-вагонында үш әріптес алкогольдік ішімдік ішіп, артынан екі ер адамның арасында жанжал туындаған.
"Вагон тамбурында жолаушылардың бірі өз әріптесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салып, соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды". Бас көлік прокуратурасы
Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкім заңды күшіне енді.
Ведомство аталған оқиға алкогольдің қайғылы әрі орны толмас салдарға әкеп соқтыратынын тағы да дәлелдеп отырғанын атап өтті.
Бұған дейін Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі күйінде табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:16, 27 наурыз 2026
Мысыр баруға ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарылды – ҚР СІМ
-
19:57, 27 наурыз 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары: 28 және 29 наурыз
-
19:34, 27 наурыз 2026
Қазақстандық ММА спортшысы Таиландта жол апатына түсті
-
19:14, 27 наурыз 2026
Таразда қала ішінде кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
-
18:58, 27 наурыз 2026
Зерттеу және көгалдандыру: Атырауда шаңды дауылдармен күресу шаралары әзірленуде





