Павлодарда жаңа туған сәбиін өлтірген студент сотталды

22:47, 26 наурыз 2026

© Фото: pexels

Павлодарда жаңа туған сәбиін өлтірген студент қыз сотталды. Қайғылы жағдай былтыр қазан айында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv телеарнасының айтуынша, жүктілігін ата-анасы мен жақындарынан жасырған бойжеткен білім алатын оқу орнының жатақханасында босаныпты. Нәрестенің даусын ешкім естімесін деп оның аузын орамалмен жауып тұншықтырған. Сәби сол жерде жан тапсырған. Сотта ол кінәсін мойындады.

"Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 100-бабына сәйкес күдіктіні айыпты деп тапты. Оған екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Пробациялық бақылауда болады. Үкім заңды күшіне енді", – деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

Бұған дейін Шахтинскте әйелінің қазасына күйзелген еркек жаппай адам өлтіруге оқталғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!