Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Чехиядағы әлем чемпионатында өнер көрсетті
© Сурет: olympic.kz
Чехияның Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы әлем чемпионаты жалғасуда. 26 наурызда медаль үшін бәсекеге ерлер шықты. Бұл сайыста Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қысқа бағдарламада қазақстандық спортшы 59,34 ұпай жинап, қорытындысында 35-орынға ие болды.
Ол еркін бағдарламаға өте алмады. Ол үшін қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша үздік 24 спортшының қатарына кіру қажет еді.
Осылайша, Жиренбаев әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.
Қазіргі таңда аралық көшбасшы – америкалық Илья Малинин (111,29 ұпай).
Ал 27 наурызда мұз айдынына Софья Самоделкина шығады. Еркін бағдарлама алдында ол 12-орынға тұрақтаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 28 мамыр 2026
Қазақстандық садақшылар Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
-
22:11, 28 мамыр 2026
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы күрес чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды
-
21:55, 28 мамыр 2026
Әлемнің 1-ракеткасы «Ролан Гарростың» екінші айналымында жеңіліп қалды
-
19:33, 28 мамыр 2026
Әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
-
19:10, 28 мамыр 2026
Елизавета Матвеева жеңіл атлетикадан Кипрдегі халықаралық турнирде бақ сынайды





