Жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық отшашудан 63 адам зардап шекті
© Фото: Zakon.kz
Жаңа жылдық мерекеде пиротехникалық құралдарды пайдаланудан 63 адам, оның ішінде 20 бала зардап шекті.
Зардап шеккендердің 12-сі бала, оның ішінде 5 бала стационарға емдеуге жатқызылды және 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық емдеуде, деп хабарлайды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтау басқармалары.
Өңірлер бөлінісінде:
Алматы қаласында — 19 адам,
Жамбыл облысында — 11 адам,
сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында — 6 адам,
Ақтөбе облысында-2 адам,
Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шекті.
Зардап шеккендердің барлығында көз жарақаттары, көздің мөлдірқабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылған.
Бір пациент ішперде қабырғасының жарақатын алды, жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдауда.
Барлық зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:56, 6 қаңтар 2025
Елімізде жалпы айналымы 60 млрд теңгені құрайтын заңсыз крипто айырбастау пункттері жойылды
-
17:40, 6 қаңтар 2025
Ұлттық банк: Ресей рублінің динамикасы еліміздегі доллар бағамын айқындауда бағдарға алынбауы тиіс
-
17:25, 6 қаңтар 2025
Азиада-2025: мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан намысын кімдер қорғайды
-
17:21, 6 қаңтар 2025
Юлия Путинцева Аустралияда өтіп жатқан WTA 500 турнирін жеңіспен бастады
-
17:09, 6 қаңтар 2025
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полицейді жарақаттаған