Атырауда полиция мұз үстіндегі қауіпсіздікті күшейтті
© Сурет: ҚР ІІМ
Су беттеріндегі мұз жамылғысы әлі де берік емес және әрқашан адамның салмағын көтере алмайды.
Өткен жылы полицейлер мұз ойылып суға түскен 12 адамды аман алып қалған.
Осы жылы да құбылмалы ауа райында жазатайым оқиғалардың орын алмауы үшін Жайық өзенінде патрульдеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, балық аулаушыларға қауіпті жерлерден балық аулауға тыйым салынатындығын және мұз үстінде жүрген қала тұрғындарына сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, мұз үстімен жүруге тыйым салынады ескерту белгілері орнатылған қауіпті жерлерден мұз үстімен өту фактілері орын алған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгені ескертілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 6 қаңтар 2025
Ұлттық банк: Ресей рублінің динамикасы еліміздегі доллар бағамын айқындауда бағдарға алынбауы тиіс
-
17:25, 6 қаңтар 2025
Азиада-2025: мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан намысын кімдер қорғайды
-
17:21, 6 қаңтар 2025
Юлия Путинцева Аустралияда өтіп жатқан WTA 500 турнирін жеңіспен бастады
-
17:09, 6 қаңтар 2025
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полицейді жарақаттаған
-
16:55, 6 қаңтар 2025
«Кілтті көршілерге қалдырмаңыз»: Полиция демалыс жоспарлаған алматылықтарға кеңес берді