Қазақстандық мұғалім әлемнің үздік ұстаздарының қатарына енді
© Фото: freepik
Алматыдағы №95 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize 2025-2026 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік 50 педагогінің қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық ұйымнан келген ақжолтай хабарды 2026 жылғы 27 қаңтарда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жеткізді.
Татьяна Белоусова – педагог-шебер, "Қазақстанның үздік ұстазы – 2024" құрметті атағының иегері.
Белгілі болғандай, оның кандидатурасы сауалнама мен қосымша материалдарды тапсырудан бастап, сараптамалық бағалау және финалдық іріктеуге дейінгі көпсатылы кезеңнен өтті.
Әлемнің ең үздік 50 мұғалімінің ресми тізімі 2025 жылы 15 желтоқсанда Global Teacher Prize ресми сайтында жарияланды.
Финалистерді марапаттау рәсімі 2026 жылы 1-5 ақпан аралығында Дубайда халықаралық білім беру форумы аясында өтеді.
Бұл ретте, Қазақстан Global Teacher Prize байқауына бесінші рет қатысып отыр. Осы уақытқа дейін ел өкілдері, биылғы іріктеуді қосқанда, үш мәрте әлемнің үздік 50 педагогінің қатарына енген.
Бұған дейін АҚШ елшілігі қазақстандықтарға ерекше ұсыныс жасағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:34, 27 қаңтар 2026
Спорт министрі Қазақстан құрамасының олимпиадалық киіміне қатысты айтылған сын-пікірге жауап берді
-
16:22, 27 қаңтар 2026
Көлік салығы, қайтыс болған жеке кәсіпкердің қарызы, сақталатын салықтық шегерімдер: нені ескеру керек
-
16:14, 27 қаңтар 2026
Мектептерге қағаз күнделік қайтып келе ме - министр жауап берді
-
16:03, 27 қаңтар 2026
27 қаңтарда доллар бағасы сәл көтерілді
-
16:03, 27 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады





