Қазақстандық конькимен жүгіруші Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды
© Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Инцелль (Германия) қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының шешуші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлер арасында 500 метрлік қашықтықта қазақстандық спортшы Евгений Кошкин өнер көрсетті. Ол 34,34 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, қорытынды есепте төртінші орынға табан тіреді.
Польшалық Дамиан Журек (34,09) жеңімпаз атанды. АҚШ спортшысы Джордан Штольц 34,26 секунд уақыт көрсеткішімен екінші орын алды. Ал эстониялық Мартен Лийв 34,29 секундта мәреге жетіп, үшінші сатыға тұрақтады.
Айта кетейік, бұл Әлем кубогының кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындары алдында соңғы ірі халықаралық жарыс болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қыркүйек 2026
Алматыда бір тәулікте мас күйінде рөлге отырған 18 жүргізуші ұсталды
-
17:45, 20 қыркүйек 2026
КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды
-
16:57, 20 қыркүйек 2026
ТЖМ тікұшағы науқасты Баянауылдан Павлодарға шұғыл жеткізді
-
16:38, 20 қыркүйек 2026
«Тұман түсіп, күн суытады». Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
15:34, 20 қыркүйек 2026
Экономист медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықты әшкерелейтін зерттеуге кірісіп жатқанын мәлімдеді





