Қазақстандық боксшы ару иорданиялық қарсыласын ойсырата жеңді
© Сурет: kfb.kz
Иордания астанасы Амманда бокстан қыздар арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жегі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 сәуірде U15 жас санатындағы боксшылар алтын медаль үшін күресті бастады. Онда 64 келіге дейінгі салмақта Ақерке Далабай (Қазақстан) мен Жуде Хаби (Иордания) бақ сынасты.
Жекпе-жек 5:0 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.
Бұл ретте, World Boxing ұйымының алғашқы Азия чемпионатында 15 жасқа дейінгі (U15) жасөспірімдер арасында жарыс аяқталды.
"Бұл жас санатында ұлдар және қыздар арасында барлығы 30 медаль жиынтығы ойнатылды. Соның ішінде Қазақстан командасының еншісінде 6 алтын, 13 күміс, 4 қола жүлде бар". Қазақстан бокс федерациясы
Бұған дейін Мария Севостьянова таеквондодан клубтық Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





