Қазақстандық блогер Лондондағы жүгіруден өткен марафоннан кейін жағдайы нашарлап кеткенін жазды
© Сурет: pixabay
Супермамасита лақап атымен танымал қазақстандық блогер Әлия Байтуғаева 2025 жылы Лондон марафонына қатысқаннан кейін әлеуметтік желіден таса болды. Бұл жағдай оның көптеген оқырмандарының алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгелі болғандай, блогер марафоннан кейін өз-өзіне келе алмай жатқан көрінеді.
"Екінші күн қатарынан орнымнан тұра алмай жатырмын. Қызуым көтеріліп, денем түгелдей ауырып жатыр",- деп жазды ол.

Сурет: Instagram/stories/super.mamasita
Байтуғаева 2024 жылы Чикаго марафонына қатысып, 42 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өткен болатын. Бұл оның алғашқы ірі марафоны болды, оған дайындыққа сегіз ай жұмсады және тәжірибесімен әлеуметтік желілерде бөлісіп, көптеген адамдарды шабыттандырды.
Айта кетейік, 2025 жылдың 27 сәуірінде Ұлыбритания астанасында өткен марафонның нәтижесі бойынша шамамен 60 мың адам мәре сызығын кесті. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы қарашада Нью-Йорк марафонында тіркелген алдыңғы әлемдік рекордтан асып түсті. Ол кезде мәреге 55 646 адам жеткен еді.
Ерлер арасында марафон жеңімпазы – кениялық Себастьян Саве (2 сағат 2 минут 27 секунд), ал әйелдер арасында Эфиопиядан келген Тигист Ассефа (2 сағат 15 минут 50 секунд) мәреге бірінші болып жетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





