Қазақстан құрамасы U19 Азия чемпионатын бес алтын медальмен аяқтады

18:20, 16 шілде 2026
MKZ: 1556525

© Сурет: olympic.kz

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 16 шілдеде күндізгі сессияда U19 жас санатында жүлделер сарапқа салынды. Нәтижесінде қазақстандықтар екі алтын, төрт күміс медаль жеңіп алды.

Бибарыс Әшірбай 70 келіге дейінгі салмақтың финалында жапониялық Кунимитцу Хонжоны жеңді.

Сондай-ақ Владислав Саможонов 90 келіден жоғары салмақта өзбекстандық Ислам Салиховты тізе бүктірді.

Ал 50 келіге дейінгі салмақта Әділ Асқанбай финалда өзбекстандық Уткизбек Нозкосимовтан жеңілді.

65 келіге дейінгі салмақта Ақжүрек Қалабай Оңтүстік Корея өкілі Кан Дэхоға жол берді.

80 келіге дейінгі салмақта Тимур Тайбеков ақтық сында өзбекстандық Аброрбек Шариповқа есе жіберді.

85 келіге дейінгі салмақта Руслан Ахметов финалда Сардорбек Бахромхужаевтан (Өзюекстан) жеңілді.

Осылайша, Қазақстан U19 жас санатында бес алтын, төрт күміс, және үш қола медальмен жарысты аяқтады. Бұған дейін, Камила Оспанова (70 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін) және Зарина Толыбай (80 келіден жоғары) алтын алса, Мадира Жұмақан (48 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Айсұлу Мұхит (65 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) қола медаль алған еді.

Айта кетейік, кешкі сессияда U23 жас санатында ерлер арасында ақтық бәсекелер өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!