Қазақстандық азамат ірі көлемдегі ақшамен шекара аспақ болған

10:33, 18 сәуір 2019

"Алматы" шекаралық бақылау отрядының шекара наряды халықаралық әуежайда ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны шекарадан алып өтпек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы-Пекин" бағытымен ұшқалы тұрған HU – 7934 әуе рейсін ресімдеу барысында 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Оған, тексеру барысында аталған азаматтан табылған, кедендестірілмеген 30 000 АҚШ доллары, 1 285 қытай юані және 22 000 теңге себеп болды", - деп хабарлап отыр ведомство өкілдері.

Ұсталған азаматтан алынған ақша актіленіп, "Жетісу" кеден бекетіне тапсырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!