Қазақстанды братва мен бандиттер сақтап қалды – Бақыт Беделхан

09:53, 13 мамыр 2021

© Сурет: видеодан кадр

Ақын, Қазақстан жазушылары төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан Нартай Аралбайұлына біраз әңгіме айтып кетіпті.

Өлең деген ойнастың қалың малы. Жалпы, менің осы ақындыққа жаным ашиды. Әлеуметтік желілер, интернетте жетім өкпесі желкілдеген талай ақындар бар енді. Сұмдық, сұрапыл, ғажап, керемет деп баға беріп, комментарий жазып жатады жұрт. Олардың көп болғаны бір жағынан жақсы, саннан сапа туады ғой. Бірақ аяйсың. Өлеңмен ойнауға болмайды, өлең деген тағдыр, деген екен ақын.

– Қазақстанның байлығын кімдер сақтап қалды? Братва, бандиттер сақтап қалды. Рыжий Алмаз, Баха Фестиваль. Сол батырлардың кемшілігі – қасына ақын ерткен жоқ. Журналист ерткен жоқ. Жазушы ерткен жоқ. Батыр осы екен деп қалды. Сөйтті да, заң күшіне еніп, мемлекет билігін, жүйесін қалыптастырып, күшіне енген кезде – қасқырдай қырып тастады. Оу шетелде жүргеніне дейін қуып барып өлтірді. Егер солардың қасында ақын болғанда, журналист болғанда, рухани бай азаматтар мен жазушылар жүргенде – соны насихаттап, дұрыс бағыт-бағдар бергенде, соларды үкімет өлтіре алатын ба еді? Өлтіре алмас еді. Себебі оның насихаты басқаша. Сол сияқты батыр мен ақынның айырылған кезі – 90 мен 98-дің арасы болды. Батырларымызды қойдай қырды. Елдің бүкіл байлығын, бақуатын, бас-аяғын бүтіндеп, шып-шырғасын шығармай ұстап отырған батырлар билікке кедергі болғаны үшін қырылды. Егер соның қасында ақын болсыншы, өлтіретін бе еді? Әй, тиіспе, дейтін еді ғой. Өмірі туралы жазатын еді, азаматтығы туралы жазатын еді, адалдығы мен тазалығы туралы айтатын еді, ақталып алатын еді. Адвокаты ақын еді оның. Бұл жағымпаздық, басқа дүние емес. Бұл біздің далалық дәстүрдегі батыр мен ақынның арасы, хан мен жыраудың арасы сияқты тұтас дүние еді ғой. Содан айырылып қалдық, – деген де тұсы бар екен бұл әңгіменің арасында:


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!