Қазақстандағы халық саны 18 млн 611 мыңнан асты

14:41, 16 қаңтар 2020

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқы 18 млн 611,1 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар - 10,875,7 мың адам (58,4%), ауылдықтар - 7735,4 мың адам (41,6%). Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінде айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан халқының саны бір жылда 234 мың адамға көбейді.

"2019 жылдың 1 желтоқсанында еліміздегі халық саны 18 млн 611,1 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 10 млн 875,7 мың (58,4%), ауылдықтар – 7 млн 735,4 мың адам (41,6%)", – делінген ведомство хабарламасында.

Ондағы ақпаратқа сүйенсек, 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 234,9 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен. Аталған қос кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан (61,7 мың адам), Алматы қалаларында (57,8 мың адам) және Түркістан облысында (38,4 мың адам) тіркелді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!