Қазақстанда байланыс саласына салынатын инвестиция үш жылда 1,3 трлн теңгеден асады
© Фото: pexels
2026 жылғы 24 қарашада Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев үш жыл ішінде Қазақстанның телекоммуникация саласына салынатын инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеден асатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мәдиевтің айтуынша, телекоммуникация саласын дамыту – Қазақстанның цифрлық трансформациясына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі.
"Мақсатымыз – цифрлық теңсіздікті жою және барлық азаматқа цифрландырудың игілігін бірдей көруге мүмкіндік беру. Байланыс саласы тұрақты өсіп келеді. Биыл жыл қорытындысы бойынша салаға кемінде 500 млрд теңге инвестиция салынады деп күтеміз. Осылайша, үш жылдағы инвестицияның жалпы көлемі 1,3 трлн теңгеден асады. Соңғы екі жылда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 73,6 мегабиттен 93,4 мегабитке дейін өсті", – деді Жаслан Мәдиев.
Министрдің айтуынша, ведомство болжамы бойынша биыл интернет-трафик көлемі 2024 жылғы көрсеткіштен екі еседен де көп болады.
2026 жылғы 29 қазанда Қазақстанда ұшаққа жоғары жылдамдықты Wi-Fi жүйесі орнатылғаны белгілі болды. Бұл жүйе жолаушыларға ұшу кезінде де байланыста болуға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:03, 24 қараша 2026
Алматыда жаппай жол апаты болды: көлік әуеге көтеріліп, жерге аударылған
-
12:57, 24 қараша 2026
Дубайға ұшпақ болған бойжеткен сотқа тартылды: әуежайдағы әзілінің соңы айыппұлмен аяқталды
-
12:52, 24 қараша 2026
Алматыда пәтер жалдамақ болған ондаған адам алаяққа алданып қалды
-
12:43, 24 қараша 2026
ҰҚК есірткіге қарсы операцияларда 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 45 адам ұсталғанын хабарлады
-
12:32, 24 қараша 2026
Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды





