Алматыда жаппай жол апаты болды: көлік әуеге көтеріліп, жерге аударылған

13:03, 24 қараша 2026
MKZ: 1579416

© Сурет: Zakon.kz

2026 жылғы 24 қарашаға қараған түні Алматының Көк Қайнар шағынауданында үш көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Әзербайжан Мамбетов пен Сырым батыр көшелерінің қиылысында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Сырым батыр көшесінен қиылысқа Peugeot 307 көлігі жоғары жылдамдықпен шығып кеткен. Сол сәтте Мамбетов көшесімен Mercedes E-Class көлігі келе жатқан.

Алматыда жаппай жол апаты болды: көлік әуеге көтеріліп, аударылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 13:03

Сурет: Zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes жүргізушісі соқтығысудан қашып, қарсы бағытқа қарай күрт бұрылған. Салдарынан көлік бордюрге соғылып, әуеге көтеріліп, аударыла бастаған.

Алматыда жаппай жол апаты болды: көлік әуеге көтеріліп, аударылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 13:03

Сурет: Zakon.kz

Осы кезде ол оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota Carina E көлігіне соғылған. Бұдан кейін Mercedes бірнеше қоршау мен қоқыс контейнерін қиратып өткен.

Алматыда жаппай жол апаты болды: көлік әуеге көтеріліп, аударылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 13:03

Сурет: Zakon.kz

Алдын ала дерек бойынша, жеңіл көлік шамамен 60 метр бойы аударылып барып, тротуардан ұшып шығып, бүйірімен құлаған.

Алматыда жаппай жол апаты болды: көлік әуеге көтеріліп, аударылған , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 13:03

Сурет: Zakon.kz

Жол апатынан Mercedes жүргізушісі зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Toyota жүргізушісі жарақат алмаған. Ал Peugeot жүргізушісі жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін полиция қызметкерлерін күткен.

Айта кетейік, Абай облысында мас күйде болған жол талғамайтын көлік жүргізушісі полицияның қудалауы кезінде патрульдік көлікті соғып кеткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!