Дубайға ұшпақ болған бойжеткен сотқа тартылды: әуежайдағы әзілінің соңы айыппұлмен аяқталды
© Фото: Zakon.kz
Петропавл қаласының 19 жастағы тұрғыны Астана халықаралық әуежайында рейске тіркелу кезінде әзіл айтқан. Алайда әуежай қызметкерлері оның сөзін әзілге балаған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қыз Астана – Дубай бағыты бойынша рейске тіркеліп жатқан кезде әуе компаниясының қызметкері одан тыйым салынған заттардың бар-жоғын сұраған. Бұған бойжеткен әзілдеп: "Қару бар" деп жауап берген.
"Ол бұл сөзі арқылы айналасындағыларды құрметтемейтінін көрсетіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған. Сот азаматшаның әрекетін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша саралады", – деп хабарлады 2026 жылғы 23 қарашада Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі.
Сот бұған дейін бойжеткеннің құқық бұзушылық жасамағанын және жасының кішілігін ескерді. Нәтижесінде оған 86 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Богота әуежайында қалай қарсы алынғанын көрсеткені хабарланған болатын. Ол 2026 жылғы 21 қарашада Колумбия астанасына алғаш рет барған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:03, 24 қараша 2026
Алматыда жаппай жол апаты болды: көлік әуеге көтеріліп, жерге аударылған
-
12:52, 24 қараша 2026
Алматыда пәтер жалдамақ болған ондаған адам алаяққа алданып қалды
-
12:50, 24 қараша 2026
Қазақстанда байланыс саласына салынатын инвестиция үш жылда 1,3 трлн теңгеден асады
-
12:43, 24 қараша 2026
ҰҚК есірткіге қарсы операцияларда 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 45 адам ұсталғанын хабарлады
-
12:32, 24 қараша 2026
Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды





