Қазақстандағы екінші атом электр стансасы да Алматы облысында салынады
© Сурет: pexels
Қазақстан Үкіметі екінші атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті қаулыға 2026 жылдың 26 қаңтарында қол қойылды. Құжат "Әділет" Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланған.
"Екінші атом электр станциясы" ядролық қондырғысының құрылысы және ядролық қондырғы құрылысының ауданы болып Алматы облысының Жамбыл ауданын анықтау туралы шешім қабылдансын", делінген құжат мәтінінде.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
2025 жылғы 25 ақпанда Қазақстанда бірінші атом электр станциясының құрылысы жүретін аудан анықталып, бекітілді. Ол Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан. Француздық Аssystem инжинирингтік компаниясының қолдауымен реактор технологиялары мен әлеуетті вендорлардың ұсыныстарын интеграцияланған бағалау әдістемесі жасалды. Олардың қатарына Ресей, Қытай, Франция және Оңтүстік Кореядан келген төрт компания кіреді. Қазақстанда алғашқы АЭС-ты салатын халықаралық консорциумның көшбасшысы 2025 жылғы 14 маусымда анықталды. Ол ресейлік "Росатом" болды. Екінші орынды қытайлық компания, үшінші орынды француз және корей компаниялары иеленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:08, 2 ақпан 2026
Алматы облысының активі: жаңа Ата заң қабылданған жағдайда биліктің халық алдындағы жауапкершілігі күшейеді
-
19:51, 2 ақпан 2026
ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті
-
19:47, 2 ақпан 2026
Ерлан Саиров: Жаңа Конституция – Президент өзінің моральдық және саяси мұраттарына өте адал екенін көрсетеді
-
19:32, 2 ақпан 2026
Бахтияр Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
-
19:28, 2 ақпан 2026
Асхат Аймағамбетов жаңа Конституция популизмнен нақты жауапкершілікке көшуді көздейтінін мәлімдеді





