TikTok-та «емшілікпен» айналысқан қазақстандық түрмеге тоғытылды
© Фото: unsplash
Астана қаласының тұрғыны "TikTok" әлеуметтік желісінде өзін "емші" ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы емдеу қызметтерін ұсынған аккаунт ашқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік желілер арқылы жәбірленушілердің бірінің денсаулығына қатысты мәселелері бар екенін білген ол, өзін ерекше қабілеттерге ие тұлға ретінде көрсетіп, белгілі бір ақыға "емдеу" қызметін көрсете алатынына сендірген.
"Осылайша, кінәлі 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 млн теңгеден асатын ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, оны букмекерлік кеңселерде ставка жасауға жұмсаған". Астана қаласының прокуратурасы
Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды ішінара өтеген.
Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:55, 2 ақпан 2026
«Халық бухгалтері» акциясы: қашан және қайда өтеді
-
14:47, 2 ақпан 2026
Бастауыш және орта білім беру шығындары аудандық әкімдіктерге жүктеледі
-
14:38, 2 ақпан 2026
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанынан ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды
-
14:25, 2 ақпан 2026
Қазақстандықтарға елемеу керек «шұғыл» SMS-хабарламалар көрсетілді
-
14:16, 2 ақпан 2026
Балқаш–Алакөл бассейндік су инспекциясына тиесілі жерлердің бір бөлігі Қараой табиғи қорықшасына беріледі





