Алматыда «қымыз ішіп» көлік басқаратын жүргізушілер көбейген - ұлттық сусын ішімдікке жата ма
© Сурет: wikimedia
"Ішімдік ішкен жоқпын – қымыз ішкенмін". Соңғы уақытта мас күйде көлік басқарған жүргізушілер әңгімені дәл осы сөздерден жиі бастайтын болған. Медеу ауданы прокуратурасы 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда мас күйде көлік жүргізгені үшін 2801 жүргізуші жауапқа тартылғанын мәлімдеді.
Соның ішінде 120-дан астам жағдайда ұсталған азаматтар алкоголь емес, "ұлттық сусын" – қымыз немесе бал қымыз ішкенін айтқан.
Алматы қаласының прокуратурасы бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді:
"Сусынның атауының құқықтық маңызы жоқ. Қымыз – табиғи ашыту арқылы дайындалатын өнім. Оны дайындау барысында этил спирті түзіледі және дәл осы спирт медициналық куәландыру кезінде анықталады. Жүргізушінің ағзасында алкогольдің болуы – жауапкершілікке тартудың негізі болып табылады, ал сусынның шығу тегі немесе мәдени құндылығы есепке алынбайды. Қазақстан Республикасының заңнамасы этил спирті бар кез келген сусынды, оны алу тәсіліне қарамастан, алкоголь өнімдеріне жатқызады. Сондықтан "ұлттық өнім" деген сілтеме жауапкершіліктен босатпайды және жеңілдететін мән-жай болып саналмайды", – делінген қадағалау органының хабарламасында.
Прокуратура өкілдері бұл жерде дәстүр мен мәдениет туралы емес, жол қауіпсіздігі туралы сөз болып отырғанын ерекше атап өтті.
"Алкоголь бар сусындарды тұтынғаннан кейін көлік басқару – жүргізушінің өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, жол қозғалысының өзге қатысушыларына да үлкен қауіп төндіреді", – деп ескертті ведомство.
Қорытындылай келе, прокуратура "қымыз ішіп рөлге отыру – ақталу емес, кең тараған қате түсінік" екенін атап өтті. Мұндай әрекет жүргізуші куәлігінен айырылуға және өзге де құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:06, 22 қаңтар 2026
Қазақстанда ауа райына байланысты қай жолдар жабық тұр
-
18:00, 22 қаңтар 2026
12 ағашты жайпап, шұңқырға құлаған: Алматыда жол апатынан кейін жүргізуші ауруханаға жеткізілді
-
17:46, 22 қаңтар 2026
Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада 9-орынға ие болды
-
17:31, 22 қаңтар 2026
Трамп Тоқаевқа алғыс айтты – Желдібай
-
17:20, 22 қаңтар 2026
Түлектердің ҰБТ-ны қайта тапсыратын мүмкіндігі бар





