Қазақстанда жұмыс күні қысқаруы мүмкін бе

© Сурет: pexels
Бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты, жұмыс күні қысқаруы мүмкін бе. Елді толғандырған сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жауап берді.
Светлана Жақыпова қолданыстағы еңбек заңнамасы ыңғайлы әрі қызметкерге қолайлы жұмыс кестесін құруға мүмкіндік береді деп отыр.
Яғни, 40 сағаттық жұмыс аптасы болса, сегіз сағаттан бес күн еңбекке тартыласыз.
Ал жұмысқа шығу және кету уақытын жұмыс берушінің келісімімен ауыстыруға болады. Мәселен, әртүрлі жастағы балаңыз бар дейік.
Біреуі балабақшаға, екіншісін мектепке апаруыңыз керек. Мұндай жағдайда жұмыс күніңізді 2 сағатқа созуға немесе кеш келуге болады, деп жазады qazaqstan.tv.
Немесе түскі уақытты үнемдеп, жұмыс істеп, үйге ерте шыға аласыз. Кез келген жұмыс беруші ыңғайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау үшін осы шараларға барады деп атап өтті министр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:07, 17 маусым 2025
«Аға, барма, жанып кетесің»: 5 баланы өрттен аман алып қалған полицейдің оқиғасы
-
14:55, 17 маусым 2025
Алдағы күндері Алматы, Шымкент және Астанада 41°С дейін ыстық және тұрақсыз ауа райы сақталады
-
14:43, 17 маусым 2025
Өскеменде интернаттың ақшасын ұрлаған екі есепші сотталды
-
14:36, 17 маусым 2025
Қара теңізге ресейлік мазут төгілді
-
14:25, 17 маусым 2025
Мұнай бағасы барреліне 120 долларға дейін шарықтауы мүмкін