Қазақстанда ЖИ құрылыс нысандарындағы заңбұзушылықтарды 4 сағатта анықтайды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 28 сәуірде Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нагаспаев құрылыс саласына жасанды интеллект енгізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа жүйе жобалар мен құрылыс нысандарындағы заңбұзушылықтарды бірнеше сағат ішінде анықтауға мүмкіндік береді.
Министрдің сөзінше, ЖИ құрылыс процесінің барлық кезеңдерінде — жобалаудан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейін қолданылуда. Қала құрылысы мен жоспарлау сатысында "компьютерлік көру" технологиясы ЖИ-мен бірге қолданылып, цифрлық бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының (ПДП) орындалуын бақылауға арналған пилоттық жоба іске қосылған.
"Жүйе нысандардың нақты жай-күйін бекітілген жобалық құжаттамамен автоматты түрде салыстырады. Соның нәтижесінде сәйкессіздіктерді анықтау уақыты 3 жұмыс күнінен 4 сағатқа дейін қысқарады. Бұл заңсыз құрылыс тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар "Қазақтелекоммен" бірлесіп, қалалардың цифрлық егіздерін жасау үшін дрондарды пайдалану жұмыстары жүргізілуде", – деді министр.
Сондай-ақ жобалау және мемлекеттік сараптама кезеңінде BIM-жобаларды тексеру үшін ЖИ енгізу жоспарланып отыр. Бұл үшін құрылыс нормалары машиналық оқылатын форматқа көшірілуде. Мұндай тәсіл жобаларды алдын ала тексеруге және сараптама мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
Министрдің айтуынша, бұл бастамалар өңірлер арасындағы типтік жобаларды қарау мерзіміндегі айырмашылықтарды жойып, мемлекеттік сараптаманың бірыңғай әрі ашық жүйесін қалыптастырады.
Сонымен қатар BIM жүйесін жобалаудың міндетті стандарты ретінде енгізу көзделген. Ал құрылыс барысында цифрлық мониторинг қолданылады. Мәселен, Қазақстан тұрғын үй компаниясында "компьютерлік көру" технологиясына негізделген бейнемониторинг жүйесі енгізілген. Ол техника қозғалысын, жұмыс күшін және құрылыс барысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде құрылыс процесін толықтай онлайн режимде қадағалау қамтамасыз етіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ұялы байланыс сапасын да жасанды интеллект арқылы талдау жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:40, 28 сәуір 2026
Алматыдағы ірі ауруханада өрескел заңбұзушылықтар анықталды
-
16:24, 28 сәуір 2026
Заң мен Тәртіп: Әділ қоғам негізі – қаржылық қауіпсіздік және құқықтық мәдениет
-
16:08, 28 сәуір 2026
Қазақстанда жасанды интеллект энергетика жүйесін басқарады
-
15:56, 28 сәуір 2026
Жетісу облысында патрульдік полиция жол бойында шетелдік велосаяхатшыларға көмектесті
-
15:49, 28 сәуір 2026
28 сәуірдегі саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды





