Қазақстанда жер комиссиясының жұмысы тоқтатылады
© Фото: pexels
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов 2026 жылғы 30 қаңтарда ОКҚ-да өткен брифингте келесі жылдан бастап жер комиссиясы өз жұмысын тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бұл шешім жер учаскелерін беру рәсімдеріне қатысты барлық процестердің цифрландырылуына байланысты қабылданған.
"Ақпарат үнемі жаңартылып отырады, бос жер учаскелерінің қай жерде орналасқанын көруге болады. Барлық конкурсқа берілген өтінімдер әкімдіктердің сайттарында жарияланады. Алдын ала айта кетейін, келесі жылдан бастап "жер комиссиясы" деген орган болмайды. Яғни, барлық процесс толықтай цифрлық форматқа көшеді. Азаматтар бұл қызметті ХҚКО арқылы немесе өз смартфоны арқылы тиісті өтінім беру жолымен ала алады", – деді Мұрат Теміржанов.
Оның айтуынша, қаңтар айында комитет тарапынан үш жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылған.
"Соның бірі – жерді жалға алу мерзімін ұзарту қызметі. Бұрын бұл үшін жергілікті атқарушы органға міндетті түрде үш ай бұрын бару қажет болатын, сондықтан көп адам үлгермей қалатын. Қазір бұл қызмет толықтай автоматтандырылды", – деп толықтырды спикер.
Бұған дейін Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 29 қаңтарда Қарасай және Іле аудандарында жер учаскелерінің заңсыз өзгертілуі мен берілуіне қатысты анықталған фактілер жөнінде түсініктеме бергенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:25, 30 қаңтар 2026
Маңғыстауда Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы сөзі өңірлік зиялы қауыммен талқыланды
-
18:13, 30 қаңтар 2026
Оралда полиция алаяқтық схемасын әшкереледі
-
18:00, 30 қаңтар 2026
Степногорск әкімі жауапкершілікке тартылды
-
18:00, 30 қаңтар 2026
Степногорск тұрғындары жылуға 8,1 млн теңге артық төлеген: қала әкімі жауапкершілікке тартылды
-
17:43, 30 қаңтар 2026
Боран, жаңбыр және көктайғақ: 31 қаңтарда ауа райы қандай болады





