Қазақстанда Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру 7 мамырдан 9 мамырға ауыстырылды - фейк

15:20, 30 сәуір 2025

© Фото: akorda.kz

Қазнетте Жеңіс күніне арналған шеру 7 мамырдан 9 мамырға ауыстырылады деген жалған видео тарады. Алаяқтар роликте Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың видеосын пайдаланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz мамандарының айтуынша, бейне жалған дауыспен дыбысталған. Бұл ретте, сарапшылар мәселе бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Министрлік соңғы кезде Қорғаныс министрінің атына және қорғаныс ведомствосының баспасөз хатшысына қатысты ақпараттық шабуылдар мен жалған хабарламалардың таралуы жиілеп кеткендігін айтты.

"Осындай жағдайдың бірі әскери парадтың 7 мамырдан 9 мамырға ауысқаны жайлы қауесетке байланысты болып отыр. Хабарлама жасанды интеллект технологиясын қолдану арқылы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың жалған бейнесін сомдау арқылы жасалған",- деп мәлімдеді ведомство.

Ведомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын нақтылады.

"Мемлекеттің 2025 жылғы күн тәртібіндегі басты оқиғалардың бірі – Әскери парад 7 мамырда бекітілген жоспарға сәйкес "Қазақ елі" монументінің жанындағы алаңда өтеді",- деп мәлімдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!