Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді
© Фото: akorda.kz
Үкіметтің 2026 жылғы 31 шілдедегі қаулысымен Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің дамуына бірқатар фактор кедергі келтіретіні айтылған.
Олардың қатарында:
- ішкі нарықтың импортқа тәуелділігінің жоғары болуы;
- отандық шикізатты өңдеу деңгейінің жеткіліксіздігі;
- өндірістердің технологиялық тұрғыдан артта қалуы;
- қосылған құны жоғары өнімдер өндірісінің шектеулілігі;
- білікті кадрлардың тапшылығы;
- инвестициялық белсенділіктің төмендігі бар.
Мұның бәрі саланың бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға қосатын үлесін шектейді.
Осыған байланысты Үкімет ұсынған Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспары бәсекеге қабілетті әрі орнықты саланы қалыптастыруға бағытталған. Жоспарда ішкі сұранысты қанағаттандыру, шикізатты терең өңдеуді дамыту, отандық өнім үлесін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өндірістерді жаңғырту, жергілікті қамту деңгейін арттыру тетіктерін енгізу, өндірістік кооперацияны дамыту, отандық өндірушілерді қолдау және саланың кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі шаралар іске асырылады.
Кешенді жоспар қызметтің жеті бағыты бойынша 28 іс-шараны қамтиды.
2-бағыт. Реттелетін сатып алу тетіктерін жетілдіру:
- жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру кезінде қазақстандық шикізат пен материалдарды міндетті түрде пайдалануды кезең-кезеңімен енгізу;
- жеңіл өнеркәсіп тауарларына, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтеріне ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу;
- мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері үшін жекелеген қолдау шараларын қолдану мүмкіндігін қарастыра отырып, отандық тауар өндірушілердің реттелетін сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейту;
- жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер үшін келісімшарттарды орындаудың ең қысқа мерзімін кемінде 120 күнтізбелік күн етіп белгілеу.
3-бағыт. "Көлеңкелі" импортпен күрес:
- бүкіл тауар айналымын "Виртуалды қойма" тетігіне көшіру және электрондық шот-фактураны рәсімдеу арқылы әрбір тауар бірлігін міндетті түрде есептен шығару жолымен жеңіл өнеркәсіп шикізаты мен өнімдерін міндетті есепке алу және олардың қозғалысын қадағалау жүйесін енгізу;
- жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау және олардың қозғалысын қадағалау қағидаларын бекіту.
4-бағыт. Техникалық реттеу:
- жүн мен былғары шикізатын сұрыптау үдерістерін стандарттау;
- халыққа антропометриялық зерттеу жүргізу және заманауи ұлттық өлшемдер кестесін әзірлеу;
- жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне арналған ұлттық стандарттарды өзектендіру.
5-бағыт. Кадрларды және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, біліктілікті арттыру:
- жеңіл өнеркәсіп саласында кәсіби біліктілікті тану орталықтарын құру;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу және өзектендіру;
- жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында сатудың цифрлық құралдары мен клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйелерін (CRM) енгізуді оқыту;
- жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкер әйелдерге баға белгілеу, маркетинг және сертификаттау бойынша оқыту бағдарламаларын енгізу.
6-бағыт. Қазақстандық брендті дамыту:
- сауда алаңдары мен сөрелерде отандық өндірістің азық-түлікке жатпайтын тауарларына кемінде 30% орын бөлу талабын енгізу бөлігінде сауда қызметін реттеу саласындағы тексеру парақтарына өзгерістер енгізу;
- отандық жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндірушілер мен олардың брендтерінің жағымды имиджін қалыптастыру;
- қазақстандық жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндірушілерге сауда алаңдарын жалға алудың жеңілдетілген шарттарын ұсыну;
- Олимпиада ойындары мен спорттық жарыстарға арналған спорттық киімдер мен керек-жарақтарды әзірлеу және өндіру ісіне қазақстандық өндірушілерді тарту;
- жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған ведомстволық награда әзірлеу.
7-бағыт. Жеңіл өнеркәсіп саласына инвестиция тарту:
- жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіруге пайдаланылатын шикізатты (жіп, мата, фурнитура, дайын былғары) шығару жөніндегі іске асырылып жатқан жобаларға мониторинг жүргізу;
- Қазақстанда өтетін салалық көрмелер мен жәрмеңкелер алаңының кемінде 10%-ын отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілеріне ұсыну;
- жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын экспорттық акселерациялау бағдарламасын іске асыру;
БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымының (ЮНИДО) тәжірибесі негізінде киім, аяқкиім, тоқыма және былғары өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың экспорттық консорциумдарын құру мүмкіндігін қарастыру.
Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде:
- 2030 жылға қарай өндіріс көлемін 2025 жылғы деңгеймен салыстырғанда екі есе арттыру;
- ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін 20%-ға дейін жеткізу;
- жұмыспен қамтылғандар санын 35–40 мың адамға дейін арттыру күтіледі.
Қаулы 2026 жылғы 31 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:24, 6 тамыз 2026
Алматының Әуезов ауданында тұрғындардың ұсынысымен аулалар көркейтілді
-
10:18, 6 тамыз 2026
Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр
-
10:06, 6 тамыз 2026
«Қазгидромет» Ақтөбе мен Талдықорған тұрғындарына ескерту жасады
-
09:37, 6 тамыз 2026
Ақтауда екі қатарласынан әлімжеттік көрген мектеп оқушысы ауруханадан бір-ақ шықты
-
09:26, 6 тамыз 2026
«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының аумағы екі есеге жуық ұлғайды





