Қазақстанда жаңа жәрдемақы түрі пайда болуы мүмкін

14:44, 16 қыркүйек 2021
131

© Сурет: zakon.kz

Сенат мүгедек күтімі бойынша жәрдемақының жаңа түрін қарастыратын азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

І-топтағы мүгедектерге жәрдемақының жаңа түрін енгізу көзделуде. Бүгінгі таңда І-топтағы 66 мың мүгедектің үштен бірі, яғни 24 мыңы, не күтім бойынша жәрдемақымен, не көмекші қызметімен қамтылмаған. Бұл - көмекке мұқтаж, өз бетінше қозғала алмайтын мүгедектер, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов пленарлық отырыста.

Ол заң жобасы азаматтардың жекелеген санаттарын, соның ішінде мүгедектерді, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларды, еңбек ардагерлерін және басқаларды әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы жетілдіру үшін әзірленгенін еске салды.

Мәжілісте заң жобасы бойынша 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды топтарға қарай бөлу қарастырылғаны, бұл өз кезегінде оңалту шаралары мен әлеуметтік көмекті дифференциялауға мүмкіндік беретіндігі айтылды. Соның ішінде бұл құжат балалардың дертінің ауырлығына қарай жәрдемақы мөлшерін саралап тағайындауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ барлық топтағы мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері 16,7% -дан 37% -ға дейін ұлғайтылады. Бұл шара 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балаларға әсер етеді, - деп нақтылады Шапкенов.

Сонымен қатар, заң жобасы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақыны бір мезгілде алу құқығын беруді қарастырады.

Қазіргі уақытта мүгедек балалар ата-анасынан ажырасқан жағдайда алимент пен мүгедектігі бойынша жәрдемақыны бір уақытта ала алады. Алайда, егер біреуі немесе ата-анасының екеуі де қайтыс болса, бала мүгедектігі бойынша жәрдемақыны немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының бірін ғана алуына мүмкіндік бар. Жәрдемақының екі түрін бір мезгілде тағайындау ата-анасынан айырылған балаларға қатысты кемсітушілік нормасының орын алуына жол беруі мүкін, - деп түсіндірді Серік Шапкенов.

Министр 18 жасқа толғаннан кейін де баспана кезегінде тұру құқығын сақтау ұсынылып отырғанын айтты.

Іс жүзінде мұндай отбасылар 10 жылға дейін баспана кезегінде тұрады. Егер баланың 18 жасқа толғанға дейін баспана алу мүмкіндігі болмаса, онда мүгедек адам кезекке қайта тұруға мәжбүр болады. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасыға баспана кезегін сақтауға мүмкіндік береді деп болжанады, - деді басқарма басшысы.

Айша Төлеубекова, Жайна Тәттімбетова


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір