Қазақстанда жаңа велокоманда құрылды

10:12, 21 қыркүйек 2021

© Сурет: cycling.kz

"Астананың" бас менеджері Александр Винокуров Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының базасы болатын жаңа команда құрғанын хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің құрлықтық Vino-Astana Motors командасының тәжірибесін қолдана отырып, Солтүстік Қазақстан облысы басшылығының қолдауымен біз Vino Junior Team мен Iuvenis Cycling Academy/RuleCycling-Movijerez велоакадемияларының негізінде Хуан Карлос Молинамен бірлескен қазақ-испан жасөспірімдер командасын құратын болдық, - деп жазды Винокуров Инстаграмдағы парақшасында.

Жаңа команда Испанияның Андалусия аймағында, Херес-де-ла-Фронтера қаласында орналасып, 17-18 жастағы жасөспірімдер тәжірибе жинауы үшін Испания мен Еуропа елдеріндегі әр түрлі халықаралық жарыстарға қатысады деп жоспарлануда.

Осылайша бәріміз бірігіп, қазақстандық велоспортты дамыту үшін тағы бір қадам жасамақпыз, - деп қорытындылады Винокуров.

Жайна Тәттімбетова


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!