Қазақстанда жаңа мереке бекітілді: 3 қыркүйек – Қазақ тазысы мен төбеті күні

09:53, 20 сәуір 2026

© Фото: akorda.kz

Қазақстанда мерекелік күндер қатары тағы бір жаңа датамен толықты. Үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен тиісті тізбеге өзгерістер енгізілді.

Құжатқа сәйкес, енді жыл сайын 3 қыркүйекте Қазақ тазысы мен төбеті күні атап өтілетін болады. Бұл күн ұлттық ит тұқымдарын сақтау, оларды қорғау және насихаттау мақсатында енгізіліп отыр.

Қазақы тазы мен төбет – халқымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі саналады. Тазы – аңшылықта пайдаланылатын жүйрік әрі төзімді ит болса, төбет – мал мен үй-жайды қорғайтын, батыл әрі сенімді күзетші ретінде кеңінен танымал.

Жаңа мереке осы асыл тұқымды иттерге деген құрметті арттырып, олардың генетикалық қорын сақтауға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

Айта кетейік, аталған қаулы 2026 жылғы 28 сәуірден бастап ресми түрде күшіне енеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!