Алматының бір бөлігінде суық су уақытша өшіріледі
© Фото: pexels
Алматы қаласында су құбыры желілеріндегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 21 сәуірде бірқатар аудандарда суық су беру уақытша шектеледі. Бұл туралы "Алматы Су" мекемесі хабарлады.
Мәліметке сәйкес, сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарда суық судың берілуінде уақытша шектеулер болады.
Алмалы ауданы:
- "12 месяцев", "Райымбек парк", "Life Town", "Seyfullin" тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Индустриальная және Алексеева көшелеріндегі үйлер.
Жетісу ауданы:
- Райымбек даңғылы – Төретай көшесі – Сейфуллин даңғылы – Булкушева көшелері аумағындағы тұрғын үйлер.
Мекеме өкілдерінің айтуынша, жылыту маусымына дайындық аясында жүргізілетін ысырма арматурасын ауыстыру жұмыстары аталған ауданда су жүйесінің тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы тұрғындарына 20 сәуір мен 6 мамыр аралығында қаланың сегіз ауданында жылу желілеріне сынақ жұмыстары жүргізілетіні туралы ескертілген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:09, 20 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
-
11:51, 20 сәуір 2026
Абай облысында жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 31 қылмыс ашылды
-
11:33, 20 сәуір 2026
Ақтөбеде заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған күдікті анықталды
-
11:17, 20 сәуір 2026
Алматыдағы Медеу ауданы жыл соңына дейін 25 мыңнан астам тұрғынды су мен кәріз жүйесіне қоспақ
-
11:09, 20 сәуір 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамдары белгілі болды





