Қазақстан қандай жаңа халықаралық әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр
© Фото: unsplash
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 19 мамырда Үкіметте өткен брифингте Қазақстан дамытуды жоспарлап отырған жаңа халықаралық әуе бағыттары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, кейбір бағыттар қазірдің өзінде ашылған.
"Бұл – Ереван, Шанхай бағыттары. Бұдан бөлек, біз жақын уақытта тағы төрт рейсті ашамыз – Ларнакаға, Ланьчжоуға және басқа да бағыттарға. Air Astana басшылығы айтқандай, жаңа рейстер бірден табысты болмайды, олар уақыт өте келе ғана тұрақты сұранысқа ие болады. Бірақ Шанхай рейсі алғашқы күннен бастап толық жүктемемен ұшып жатыр. Сондықтан біз Қытай бағытын перспективалы деп санаймыз және оны әрі қарай кеңейтеміз. Сондай-ақ Еуропа бағыттары да дамытылады", – деді Сауранбаев.
Сонымен қатар ол премьер-министрдің Токио, АҚШ және Еуропа астаналарына тікелей рейстер ашу жөніндегі тапсырмасын еске салды.
"Токиоға рейс 2026 жылдың IV тоқсанында іске қосылады. Бұл ұзақ қашықтықтағы ұшуға қабілетті "Dreamliner" типті ұшақтардың келуімен байланысты. Алғашқы осындай ұшақтар жыл соңына қарай жеткізіледі. Сол кезде Жапония мен АҚШ бағыттарына тікелей рейстер ашу жоспарланып отыр",- деп атап өтті министр.
Бұған дейін Қазақстанда 11 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:12, 19 мамыр 2026
Алтын Ордаға Қазақстан тарихының академиялық жинағында алғаш рет жеке том арналды
-
15:10, 19 мамыр 2026
Жаңа Конституцияда Ұлы дала сабақтастығын сақтау қастерлі парыз ретінде бекітілді-мемлекет басшысы
-
15:08, 19 мамыр 2026
Тоқаев: Жошы ұлысы алғашқылардың бірі болып жаһандық нарық қалыптастырды
-
15:05, 19 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады
-
15:03, 19 мамыр 2026
️Президент: Алтын Орда жылнамасы – адамзатқа ортақ тарих





