Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерге қабылдау ережесі өзгереді

© Сурет: Zakon.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидасына өзгеріс әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап іске асырылатыны жазылған.
Бұған дейін құжаттар 1 тамызға дейін қабылданатын. Қазір мұндай шектеу жоқ.
Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқушыларды тегін оқу орындары болған жағдайда мектептің қызмет көрсету аймағынан тыс жерлерден қабылдау іске асырылатыны қосылды.
Бұған қоса орта мектепке балаларды қабылдау мерзімі ұзартылды.
Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.
Өтініштер күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады.
Құжат 3 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:30, 1 қазан 2023
Теракт жасауға әрекеттену: Анкарада Түркия ІІМ ғимараты маңында жарылыс болды
-
13:10, 1 қазан 2023
Азиада-2022: Қазақстан балуаны Бекәділ Шаймерденов күміс медаль иеленді
-
12:58, 1 қазан 2023
Таулы Қарабаққа БҰҰ миссиясы келіп жетті
-
12:37, 1 қазан 2023
Сауль Альварес бокстан әлемнің абсолютті чемпионы атағын кезекті рет қорғап қалды
-
12:04, 1 қазан 2023
Атырау мұнай өңдеу зауыты отын өндірісін уақытша тоқтатты