Қазақстанда заңсыз жүрген 35 Үндістан азаматы елден шығарылды

09:14, 6 тамыз 2026
MKZ: 1559912

© Фото: akorda.kz

Алматыдан Үндістанның 35 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды. Олардың қандай заң бұзушылық жасағаны қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, олардың барлығы елде болуға рұқсат етілген мерзімнен асырып, Қазақстан аумағында заңсыз жүрген.

"Мақсатты іс-шаралар барысында Алматы қаласы Полиция департаменті көші-қон қызметінің мамандары шетелдіктердің жүрген жерін анықтап, оларды ұстады. Сот шешімімен заң бұзушылардың барлығы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Полиция қызметкерлері олардың әуежайдағы шекаралық және паспорттық бақылаудан өтіп, елден кету рәсімін қадағалады", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Сондай-ақ шетелдіктердің елде болу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың уақытылы кетуін қамтамасыз ету шараларын қабылдамаған қабылдаушы тараптар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2026 жылғы маусымда көші-қон заңнамасын бұзған 225 шетел азаматы Алматыдан ел аумағынан шығарылған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!