Қазақстанда заң қатайғанымен, пара беру мен алу неге тыйылмай тұр - Антикор басшысының жауабы
© Сурет: видеодан алынды /YouTube/Jibek Joly
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң өте қатаң екенін айтты. Оның айтуынша, бұл баппен сотталғандар мерзімінен бұрын босатуға жатпайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол Jibek Joly телеарнасындағы "Уәде" бағдарламасына берген сұқбатында айтты. Тілші оған көпті мазалайтын сұрақты қоя келе, елімізде сыбайлас жемқорлық дәстүрлі көрініске айналып бара жатқанын жеткізді.
"Дәстүрлі деп айтуға болмайды, мен мұнымен келіспеймін, сыбайлас жемқорлық бұл - қылмыс. Әрбір қылмыстың мотиві бар, сыбайлас жемқорлық схемаларында бұл, әдетте, алабөтен мүдделер. Біздің міндетіміз - жүйелі тәсілді қалыптастыру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу және адамгершілікті ұстану қағидаттарын насихаттау, сол арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті нығайту", – деп атап өтті Жұмағали.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бейінді ведомстволар ғана емес, мәдениет министрлігін қоса алғанда, басқа да мемлекеттік органдар тартылған. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте идеология, құқықтық нигилизмді төмендету және мұндай қылмыстардан қоғамның жерінуін қалыптастыру маңызды рөл атқаратынын айтады. Агенттік басшысы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қатаң жаза қолданылатынын баса атап өтті.
"Аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін сотталған шенеунік 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай тұлғалардың шартты түрде мерзімінен бұрын босауына құқығы жоқ, оған қоса мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу мүмкіндігінен біржола айырылады",- деді ол.
Жұмағали Қазақстан халықаралық стандарттарға сәйкес параны уәде ету мен оны ұсынуды да криминализациялау мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты. Оның пікірінше, бұл қосымша тосқауыл болады. Ол бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді сотқа дейін тоқтату мүмкін емес екенін, бұл ретте түпкілікті шешімді тек сот органы қабылдайтынын баса атап көрсетті.
Бұған дейін Шымкентте пара алған антикордың экс-қызметкеріне қатысты сот басталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:17, 10 ақпан 2026
Абзал Әжіғалиев: Соңына дейін күресеміз, Олимпиада әлі біткен жоқ
-
23:06, 10 ақпан 2026
Астанада, Шымкентте және 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
22:41, 10 ақпан 2026
14 жастағы Ахмади Маханов мансабындағы алғашқы ITF Juniors титулын жеңіп алды
-
22:07, 10 ақпан 2026
Тоқаев Санаэ Такаичиді құттықтады
-
22:07, 10 ақпан 2026
Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиді құттықтады





