СІМ Қазақстан азаматтарына 15 елге бармауды қатаң ескертті
© Сурет: pixabay
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдарды жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады:
- Бахрейн
- Мысыр
- Израиль
- Йемен
- Иордания
- Ирак
- Иран
- Қатар
- Сауд Арабиясы Корольдігі
- Кувейт
- Ливан
- БАӘ
- Оман
- Сирия
"Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға/паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуға тағы да шақырамыз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстан жоспарланып отырған репатриациялық рейстердің кестесі жарияланды.
Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі әуе кеңістігіндегі шектеулерге байланысты Қазақстан азаматтарына белсенді әскери қимылдар тоқтап, жағдай толық тұрақталғанға дейін Таяу Шығыс елдеріне сапарлардан уақытша бас тартуды ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:55, 16 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
-
12:40, 16 сәуір 2026
Сенат Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады
-
12:22, 16 сәуір 2026
Банктік шоттарды ашу және бұғаттау тәртібіне өзгерістер енгізілді
-
12:09, 16 сәуір 2026
Қазақстанда сенімді жасанды интеллект жүйелерінің тізімдері қалыптастырылады
-
11:53, 16 сәуір 2026
Айыппұл немесе қамауға алу: Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады





