Ираннан Қазақстанның қанша азаматы шығарылды
© Сурет: freepik
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен құзырлы мемлекеттік органдар Таяу Шығыс аймағындағы жағдайға байланысты эвакуация жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Эвакуация басталғаннан бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 4700-ден астам қазақстандық елге оралған.
Азаматтар әуе рейстерімен қоса, жерүсті жолдары арқылы да шығарылып жатыр. 6 наурызда ҚР шетелдегі мекемелері "Заркух" компаниясының 7 қызметкерінің қатысуымен Иран-Армения шекарасынан 7 қазақстандықты елге қайтарды. Алдағы жоспар бойынша "Заркух" компаниясы тағы 16 азаматты осы бағытта эвакуациялауды ұйымдастыруды көздеп отыр.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінге дейін Ираннан жалпы 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.
"Өңірдегі Қазақстан дипломатиялық өкілдіктері эвакуация жұмыстары мен отандастарымызбен байланысуды тұрақты түрде үйлестіріп отыр", – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстан жоспарланып отырған репатриациялық рейстердің кестесі жарияланды.
Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі әуе кеңістігіндегі шектеулерге байланысты Қазақстан азаматтарына белсенді әскери қимылдар тоқтап, жағдай толық тұрақталғанға дейін Таяу Шығыс елдеріне сапарлардан уақытша бас тартуды ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:10, 7 наурыз 2026
Тоқаев Иранның көрші елдерге соққы жасауды тоқтату туралы шешімін құптады
-
15:02, 7 наурыз 2026
Әлиев Тоқаевқа Нахичевань әуежайына соққыны айыптағаны үшін алғыс айтты
-
14:31, 7 наурыз 2026
Конституциялық реформа Қазақстанның жаңа даму кезеңіне құқықтық негіз қалыптастырады – сенатор
-
14:00, 7 наурыз 2026
Иран көршілес елдерге шабуылды тоқтатады – президент Пезешкиан
-
13:00, 7 наурыз 2026
Атырауда Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті





