Қазақстанда Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл лауазымы болады
© Фото: zakon.kz
"Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл қоғамдық лауазымын енгізу адам құқықтарының қорғалуы мен отбасы институтын күшейтетініне сенімдімін". Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада осылай деді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отбасы омбудсмені Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде қызмет етіп, атқарылған істер туралы Мемлекет басшысына есеп беріп отырады.
"Мұндай жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жолға қоюмен қатар, отбасы саясатындағы басқа маңызды түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді", - дейді президент.
Президенттің айтуынша, Халық Конституциясының жобасы референдумда жұртшылықтың жаппай қолдауына ие болған жағдайда мемлекеттігіміздің озық инновациялық жүйесін құруға зор мүмкіндік беретін болады. Сондай-ақ бас құжат жасанды интеллект және жаппай цифрландыру дәуірінде Қазақстанның тұрақты дамуына ұзақ мерзімді және мызғымас негіз қалайтыны сөзсіз.
"Дей тұрғанмен сапалы адам капиталы болмаса, қарқынды технологиялық дамуға қол жеткізудің қиын болары айдан анық. Сондықтан осы маңызды міндетті орындау үшін ел өмірінің барлық саласына, атап айтқанда, әлеуметтік саясат пен иммиграцияны реттеу мәселесіне жаңаша көзқараспен қарап, тың тәсілдер әзірлеу қажет болады. Тағы да қайталап айтамын, технология дамуында нақты прогреске қол жеткізу үшін сапалы адам капиталын қалыптастыру және дамыту ісін шындап қолға алу керек. Бұл проблемаға көз жұма қарауға болмайды. Демек әлеуметтік саясатты, соның ішінде иммиграция мәселесін қайта қарап, жаңа тәсілдер әзірлеген жөн. Әлем түбегейлі өзгерді. Бұл үдеріс барған сайын үдей түседі. Бізге де, яғни күллі Қазақстанға өзгеретін кез келді. Әйтпесе өте қиын болады". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін президент ел өмірінің маңызды салаларында табанды еңбек етіп жүрген әйелдерді марапаттаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 6 наурыз 2026
Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды
-
22:05, 6 наурыз 2026
Абай облысында қос азаматтығы бар үш адам анықталды
-
21:58, 6 наурыз 2026
ТЖМ қар көшкінінің өздігінен түсуі туралы ескертті
-
21:58, 6 наурыз 2026
Қазақстанның ТЖМ қар көшкінінің өздігінен түсуі туралы ескертеді
-
21:16, 6 наурыз 2026
СІМ Қазақстан азаматтарына 15 елге бармауды қатаң ескертті





