7 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

20:25, 6 наурыз 2026

© Фото: zakon.kz

7 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

07 наурызда түнде және таңертен Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Талдықорған қ.: 07 наурызда түнде және таңертен тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Астана қ.: 07 наурызда түнде аздаған қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

07 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (негізінен қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 07 наурызда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

07 наурызда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Жезқазған қ.: 07 наурызда тұман күтіледі.

07 наурызда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

07 наурызда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 07 наурызда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 07 наурызда түнде жолдарда көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 07 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

07 наурызда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.

07 наурызда түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Ақтөбе қ.: 07 наурызда күндіз көктайғақ күтіледі.

07 наурызда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 07 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

07 наурызда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 07 наурызда түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

07 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

07 наурызда Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 07 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістан қ.: 07 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

07 наурызда Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде туман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: 07 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

07 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 07 наурызда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз 25 м/с.

07 наурызда түнде Батыс Қазақстан облысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 07 наурызда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

07 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 07 наурызда кей уақыттарда тұман, түнде көктайғақ күтіледі.

07 наурызда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Көкшетау қ.: 07 наурызда түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!