Қазақстанда ұшақ бортында жоғары жылдамдықты Wi-Fi іске қосылды
© Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда жолаушыларға әуеде де интернетке қосылып, байланыста болуға мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықты Wi-Fi жүйесімен жабдықталған алғашқы ұшақ рейске шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жақсы жаңалықты ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі бөлісті.
"Бүгін, 2026 жылғы 29 қазанда, Алматыдан Ташкентке бортында жоғары жылдамдықты спутниктік интернеті бар Air Astana әуе компаниясының алғашқы ұшағы ұшып шықты. Wi-Fi жүйесі EI-KGB тіркеу нөмірі бар Airbus A321LR ұшағына орнатылды", — делінген хабарламада.
Air Astana әуе компаниясы жабдықты орнату жұмыстарын өз техникалық мамандарының күшімен, компанияның техникалық базасында жүргізіп жатқанын хабарлады.
2027 жылғы 31 қаңтарға дейін жалғасатын жарнамалық кезеңде барлық жолаушы интернетті тегін пайдалана алады.
2027 жылғы 1 ақпаннан бастап тегін Wi-Fi бизнес-класс жолаушыларына және Nomad Club бағдарламасының Gold пен Diamond мәртебесі бар қатысушыларына қолжетімді болады.
Ал Nomad Club бағдарламасының барлық деңгейдегі қатысушылары бортта мессенджерлерді тегін пайдалана алады. Қалған жолаушылар интернетке ақылы пакеттер арқылы қосылады.
Әуе компаниясының мәліметінше, Airbus A321LR ұшақтарын жоғары жылдамдықты Wi-Fi жүйесімен жабдықтау жұмыстары 2027 жылы кезең-кезеңімен жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 29 қазан 2026
Атырауда республикалық медиаторлар форумы қорытындыланды
-
18:05, 29 қазан 2026
Әскерде қаза тапқан сарбаздардың туыстары жаңа министрге талабын жеткізді
-
18:00, 29 қазан 2026
Атырауда «Алтын домбыра» халықаралық күй байқауы басталды
-
17:41, 29 қазан 2026
Адам ұрлап, көлікте күштеп ұстаған: ҰҚК Жаңаөзен экс-әкіміне қатысты тергеу жүріп жатқанын растады
-
17:32, 29 қазан 2026
Қытайлық жанкүйерлер Мбаппенің суреті бар заттарды өртеп жатыр





