Әскерде қаза тапқан сарбаздардың туыстары жаңа министрге талабын жеткізді

18:05, 29 қазан 2026
MKZ: 1575050

© Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов әр жылдары әскери қызмет кезінде қаза тапқан және ауыр жарақат алған әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге Бас әскери прокурор мен ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері де қатысты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, туыстарының өтініштеріне түсіністікпен қарайтынын айтты.


"Қорғаныс министрлігі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасының қайғысына ортақтасып, туыстарының өтініштеріне түсіністікпен қарайды. Әрбір өтініш мұқият қаралып, нақты жауап беріледі", – деді Айдос Мырзахметов.

Кездесу соңында министр әрбір жағдайды жеке зерделеп, туыстары ұсынған материалдармен танысатынын мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!