Атырауда республикалық медиаторлар форумы қорытындыланды
© Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырауда "Бітімгершілік мәдениеті: қоғамдық келісім мен бірліктің негізі" атты республикалық медиаторлар форумы аясында ұйымдастырылған екі күндік оқу семинар-тренингі аяқталды.
Іс-шараны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастырды.
"Медиация негіздері және қақтығыстарды басқару" тақырыбындағы оқу бағдарламасына еліміздің әр өңірінен медиация кеңестерінің өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, мемлекеттік қызметшілер мен "Қоғамдық келісім" мекемелерінің мамандары қатысты.
Семинар барысында медиацияның негізгі қағидаттары, қақтығыстарды басқару, тиімді коммуникация орнату, келіссөз жүргізу және дауларды өзара келісім арқылы шешу тәсілдері талқыланды.
Бағдарлама аясында дәрістер, интерактивті тренингтер, топтық жұмыстар және практикалық тапсырмалар ұйымдастырылды. Оларды ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры, кәсіби тренер-медиатор Асет Абжақов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қоғамдық келісім" РММ сарапшысы Талшын Италиева, Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы, кәсіби тренер-медиатор Руслан Тоқатов, БҚО Медиация кеңесінің төрағасы, Республикалық медиация кеңесінің мүшесі Нұртай Қасымов және Шымкент қаласы Медиация кеңесінің төрағасы, Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілер қауымдастығының президенті Дана Кенжеқұлова жүргізді.
Практикалық сабақтар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, түрлі даулы жағдайларды реттеу тәсілдерін пысықтады. Сондай-ақ келіссөз жүргізу, тиімді коммуникация орнату және жанжалдарды өзара келісім арқылы шешу дағдыларын жетілдірді.
Форум бағдарламасы аясында қатысушылар Сарайшық тарихи мекеніне экскурсия жасап, көне қаланың тарихы мен рухани-мәдени мұрасымен танысты.
Оқу семинарының қорытындысында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:37, 29 қазан 2026
Талғар полицияның күшейтілген бақылауына алынды: не өзгерді
-
19:20, 29 қазан 2026
Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады
-
19:01, 29 қазан 2026
Қорғаныс министрлігі қазақстандық арнайы жасаққа қатысты жалған ақпаратты жоққа шығарды
-
18:45, 29 қазан 2026
Атыраудағы жарылыс кезінде зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды
-
18:35, 29 қазан 2026
Қытай – Польша бағытымен келе жатқан контейнерден 1 019 ноутбук ұрланғандар сотталды









