Қытайлық жанкүйерлер Мбаппенің суреті бар заттарды өртеп жатыр

17:32, 29 қазан 2026
MKZ: 1575044

© Сурет: instagram/k.mbappe

Франциялық футболшы Килиан Мбаппеге қатысты Қытайда басталған дау жаңа сипат алды. Елде жанкүйерлер футболшының жейделерін өртеп, оның суреті бейнеленген жарнамалық плакаттарды жыртып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде қытайлық жанкүйерлердің Килиан Мбаппенің жейделерін өртеп, "Реал" шабуылшысының суреті бар жарнамалық плакаттарды қиратқан видеолары тарады.

Мұндай әрекеттерге футболшының жуырда Қытайдың бұрынғы көшбасшысы Мао Цзэдун туралы сәтсіз әзілдегені жөніндегі мәлімдемелері себеп болған.

Қытайда бұл әзіл түсіністікпен қабылданбай, оған бірден реакция білдірілді. Бірнеше қытайлық компания футболшымен ынтымақтастығын тоқтатты. Сондай-ақ елде Испания чемпионаты матчтарының көрсетілімі уақытша тоқтатылды.

Бұған дейін кейбір БАҚ осы дау салдарынан Испанияның Ла Лига чемпионаты шамамен 400 млн еуро кірістен айырылуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!