Адам ұрлап, көлікте күштеп ұстаған: ҰҚК Жаңаөзен экс-әкіміне қатысты тергеу жүріп жатқанын растады
© Сурет: Telegram/mangystau_press
Желіде Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметке ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналист Михаил Козачков 2026 жылғы 25 қазанда өзінің Telegram-арнасында Ақтауда Жансейіт Қайнарбаев пен самбо федерациясының бірінші вице-президенті Манарбек Бисекенов ұсталғанын жазды. Қылмыстық іс "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының адам ұрлауы" бабы бойынша тергеліп жатыр.
Журналист сілтеме жасаған дереккөздің айтуынша, бұған дейін Ақтауда Қайнарбаев таныстарының бірімен шиеленісті кездесу өткізген. Белгілі бір сәтте әлгі адам кетуге әрекеттенгенімен, оны Lexus LX 600 көлігінде күштеп ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша, шенеунікке Бисекенов пен оның адамдары көмектескен. Кейін жәбірленушіні қала сыртына алып шығуға әрекет жасалған. Алайда жолда жергілікті ҰҚК департаментінің қызметкерлері сегіз адамнан тұратын топты ұстаған.
Ресми түсінік алу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгіндік. Онда Жаңаөзеннің бұрынғы әкіміне қатысты тергеу жүріп жатқанын растады, бірақ істің егжей-тегжейін жарияламады.
"Тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", — деп хабарлады бүгін, 29 қазанда ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.
Жансейіт Қайнарбаев 2024 жылғы 12 ақпаннан бастап Жаңаөзен әкімі қызметін атқарған. 2026 жылғы 26 қыркүйекте оның орнына Сымбат Төретаев тағайындалды. Сол күні Қайнарбаевтың Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі болғаны да белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:45, 29 қазан 2026
Атыраудағы жарылыс кезінде зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды
-
18:35, 29 қазан 2026
Қытай – Польша бағытымен келе жатқан контейнерден 1 019 ноутбук ұрланғандар сотталды
-
18:10, 29 қазан 2026
Атырауда республикалық медиаторлар форумы қорытындыланды
-
18:05, 29 қазан 2026
Әскерде қаза тапқан сарбаздардың туыстары жаңа министрге талабын жеткізді
-
18:00, 29 қазан 2026
Атырауда «Алтын домбыра» халықаралық күй байқауы басталды





