Қазақстанда 493 ұңғымада мұнай өндіру тоқтатылды

16:14, 18 сәуір 2024

© Сурет: pixabay

Қазақстан бойынша су тасқыны жағдайына байланысты Ақтөбе және Атырау облыстарының бірқатар мұнай өндіруші кәсіпорындарында 634 ұңғыманың жұмысы тоқтатылды. Мұнай өндірудің жалпы шығыны 16 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде 141 ұңғыманың жұмысы қалпына келтірілді.

493 ұңғымада өндіру әлі де тоқтап тұр. Оның ішінде:

  • Ақтөбе облысында 489 ұңғыма тоқтатылды ("СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ 440 ұңғыма, "КМК Мұнай" АҚ 25 ұңғыма, "Фирма Ада Ойл" ЖШС 24 ұңғыма);
  • Атырау облысында төрт ұңғыма тоқтатылды ("Ембімұнайгаз" АҚ – үш ұңғыма, "5А Ойл" ЖШС – бір ұңғыма).

Сондай-ақ, Министрлік өкілдері қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, оның ішінде:

  • сорғы жабдықтарымен және агрегаттармен су айдау, топырақпен толтыру, ұңғымаларды тоқтан ажырату және герметизациялау;
  • елді мекендерде су тасқынына қарсы жаңа үйінділерді салу және қолданыстағы үйінділерді нығайту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге, бөгеттерді көтеру және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету.

Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!