Алматы облысында оқушы сабақ үстінде күтпеген жерден қайтыс болды

14:34, 30 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Алматы облысы Қарасай ауданындағы орта мектепте төртінші сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 23 сәуірде орын алған. Бұл туралы 30 сәуірде әлеуметтік желілерден белгілі болды.

Осы уақытқа дейін болған оқиғаға тек облыстық білім басқармасы ғана түсініктеме берді.

"2024 жылдың 23 сәуірінде Қарасай ауданының Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектебінде 2014 жылы туған төртінші сынып оқушысы қайтыс болды. Сабақ кезінде қыз өзін нашар сезініп, есінен танып қалды", - делінген хабарламада.

Медициналық көмек Денсаулық сақтау министрінің 08.10.20 №118 бұйрығына сәйкес көрсетілді.

"Медицина мамандарының күш-жігеріне қарамастан, оқушы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде", - деп атап өтті басқарма.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінде болған оқиғаға әлі түсініктеме берілмеген. Аймақтың денсаулық сақтау басқармасы кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.

Еске сала кетейік, осындай қайғылы оқиға Шымкентте қыста орын алған. Онда 13 жасар бала дене шынықтыру сабағында қайтыс болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!