Қазақстанда ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы анықталды

12:06, 13 қазан 2026
MKZ: 1572040

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы қаулысымен ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"„Қазақтелеком" акционерлік қоғамы ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып айқындалсын", – делінген құжатта.

Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы "Киберқауіпсіздік туралы" заңға сәйкес анықталды.

Қаулы 2026 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!